Алдыңғы жазбаларда шырағы сөнген рулар туралы ескерткенбіз. Жалпы қазақта шырағы жанған руды әзірге кездестіру де қиын. Себебі ол рудан шыққан әулиелікті меңгеріп, Құдайдан тікелей хабар алатын, пайғамбарымыздың батасын алған пендесі жоқ. Мүмкін бар шығар, бірақ тақуалықта жетіле алмай жатқандар да жеткілікті. Толық оқу…
Отпан әулие кім болған?
Отпан әулиенің 3 және 7-8 ғасырларда екі рет өмірге келгені туралы хабар келді. Отпан әулиеден Қорқан би атаның жеті ұрпағы болып тарихта белгі қалған. Қорқан биге көп қасиеті қонған екен. Отпан әулие отпен байланысты көптеген мұғжизаларға ие болған. Толық оқу…
Ата жолының дін туралы көзқарасы. (Видео)
І БӨЛІМ
ІІ БӨЛІМ
Керейхан мен Жәнібек сұлтан бабалардың зиярат басын көтерейік, ағайын!
Абылайхан атаның тойының алдында зияратының Астана қаласынан қашық емес екенін, басында аң терісі байланған қара найзасы барын айтып ешқандай мұны ұғатын саналы қазақ шықпағаны да сөзсіз. Және алтын адам аталған; Қазақ, Созақ бабаларымыздың анасы болған, Ұлсай Емер анамыздың да басын көтеру мен Алаш бабамыздың, Алтай Жүрсін бабалар басындағы мұрағаттарын да ашып халыққа жария ету туралы да менің көтерген мәселеме ешкім құлақ асқан да жоқ. Сол сияқты Кенесары хан атамыздың қырғыз елінде 11 уәзірімен қоса жерленіп, басында мұрағаты барын және басының кесілмегенін хабардар еткенмен, мұны да ұғатын текті, намысты саналы қазақ шыққан жоқ. Енді Керейхан мен Жәнібек бабалардың да зияратын тауып басына ескерткіш орнатып ас бермей –ақ, ел биліктің той өткізбек ойлары бары да сөзсіз. «Санасыздарға сан айтқанмен түсінбес» дегендей бұл жолдаудың да ел билікпен зиялы қауым өкілдерімен қабылданабайтыны да сөзсіз.Қазақтың көргенді ар-намысты ұрпақтары бұл сөзімінің хақтығына сенетін болса, есеп шот ашып халықтан қаражат жинап, бабаларымыздың зиярат бастарына ескерткіш орнатуға шамамыз келгенше үлкен тойдың алдында арнаулы ас беріп, құран оқып еске алуға жағдай жасаса. Ал жерленген орнын, зиярат бастарын біз көрсетуге дайынбыз. Алдын ала Керейхан бабаның басында орнатылған, басы домалақ тас мүсінінің және қазған жағдайда сол қолында сауытының барын ескертеміз. Ал Жәнібек сұлтан бабамыздың зияратынан қанжардың басының табылатыны да және 3 тармақты бір белгі нәрсенің барын да алдын ала білген жөн.
Қазекең «қарты бар елдің қазынасы бар» десе, бірде «қариясы бар елдің дариясы бар» дейді. Жөн сөз. Көпті көрген, көкейге түйген осындай аузы дуалы ақсақалдарымыз аман жүргенде өз аузынан өнегелі де мағыналы әңгімелерін естіп, біліп, жаттап алып немесе қойын дәптеріңе түртіп алып жүргенге не жетсін. Біздің жұмыста да жасы біразға келген Айдар ЖАҚСЫЛЫҚ деген сыйлы азаматымыз бар. Сол кісі бір күні жұмыс үстінде маған сұрақ қоймасы бар ма.. Толық оқу…
Етікшінің мінәжаты
Бірде Мұса пайғамбар (ғ.с.) келе жатып бір адамның мінәжатын естіп қалады.Оның дұғасының орынсыздығы сонша Мұса (ғ.с.) тоқтап тұра қалды. Ол осылайша өз дұғасымен Құдайды қорлап жатыр деп ойлады.Ол былай деп: «Ия,Тәңірім! Маған Өзіңе жақындауға мүмкіндік бер. Иә, Құдайым егер Сенің денең кірлеп қалса жуып-шайып тазалауға уәде беремін. Егер биттеп кетсең битіңді қарап, сіркеңді сығып берейін. Мен мықты етікшімін, Саған кереметтей аяқ киім тігіп берейін. Егер ауыра қалсаң дәрі беріп емдейін. Мен тамақты да өте дәмді етіп пісіре аламын.» Толық оқу…