Түстің мағынасы, оны жору сипаттары жөнінде фольклортанушы Ә. Диваев («Түстің баяны») пен ғалым Э.Б.Тайлор («Первобытная культура») жан-жақты зерттеу жүргізген болатын. Бұрын да, қазір де түстің мәнін ашуға ғылыми талпыныстар жасалғанымен, оның сыры толық ашылып отырған жоқ. Алайда «Пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір нышаны» деп саналатын жақсы түс – болашақтың бағдары іспеттес. Оған тарихи ұлы тұлғалардың көрген түстерінің өңінде ақиқатқа айналуы нақты дәлел боларлықтай… Толық оқу…
Түс жори біліңіз
Егер адам түсінде:
- Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
- Жақсы көйлек кисе — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді. Толық оқу…
Алланың жібіне жалғану-діни сауаттылық туралы.
Абай атамыз; «Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек, жомарт құбылмай, Жақсы өмірің бұзылмай, Жас қуатың тозылмай, Жалын жүрек суынбай, Жан біткеннен түңілмей, Жағалай жайлау дәулетің Жасыл шөбі қуармай, Жарқырап жатқан өзенің Жайдақ тартып суалмай, Жайдары жүзің жабылмай, Жайдақтап қашып сабылмай, Жан біткенге жалын жай, Жақсы өліпсің, япырмай!» деген 92 санмен белгілеген астарлы насихатпен «Ж» таңбасына мән беріп, Толық оқу…
Шындықтың келуі; «Түс түзелмей іс түзелмес!».
«Сөз түзелмей ел түзелмес» деп аталарымыз ескерткендей, сөзімізді қалай түзейміз, елімізді ұлттық сана-сезімімізді (ділімізді) қалай түзеуге болады? Бұрынғы замандарда дініміздің өркендеп, қазақ халқының өркендеп, ең үлкен рухани байлығы болған және тура жолдың да негізгі қағидасы; «Сахабаларыма еріп тура жолда болыңыздар, оларға жақсылық жасаңыздар, олардың әдеттерінің жолын ұстаныңыздар. Болмаса өтірік айтушылар көбейеді. Толық оқу…
Құс ілімі-Түс ілімі. Атадан қалған аманат -ақ бата.
Түс ілімін аса жақсы білген жан
Сонан соң бәрін жорып, сезіп жүрген жөн
Түс жорудың түрлі-түрлі түрі бар,
Ей, ақылды ер, ұғып түгел біліп ал. Толық оқу…
ТҮС ОҢАЛМАЙ – ІС ОҢАЛМАЙ ІС ОҢАЛМАЙДЫ
Түс жайлы
Адам өмірінің едәуір бөлігі ұйқымен өтетіні белгілі. Күні бойғы қауырт жұмыстан шаршап келіп, тынығайын деп көсіліп жатып көз ілген сәтіңізді немістер «Тәтті ұйқы — тамақтан кем емес» деп суреттесе, күрдтеріңіз «Ұйқы – қорғасыннан ауыр, қанттан тәтті» деп сипаттайды. Ал сөйтіп жатып аңдаусызда шошынып, «Үрейлі түс көргенше, ұйықтамағаным артық» деп түріктерше тұрып кетуіңіз де, жоқ әлде «Жаманның жан рахаты – ұйқы» деген қырғыздардың танымына басып бүркеніп жата беруіңіз де өз қалауыңыз. Толық оқу…