Жазымыштан озымыш жоқ демек,
Көтердің деген сөз, бос емес
Тағдырдың салған тәлкегін,
Қарсылықтан текті меңгермек.
Тағдырың тағы не салар,
Басқа деп, көңіл күп болар.
Түзе деген қолмен күнәңді,
Жақтырмас пенде жындылар.
Өзіне әркім көз салар,
Лайықпын деп ойлар.
Жақсылығын бар дүниенің,
Алсам деп, тағы қол созар.
Мал дүниесін тот басар,
Ақталмай артық жүк алар.
Күнә үстіне күнәні,
Жабыстырып қостырар.
Надандыққа жол салар,
Тәкаппарлықпен көңіл қатаяр.
Құдайдан тілемей кеңшілік,
Ризық, несібе байланар.
Тағдырдың жібі жалғанар,
Жеті атамен жүрек бір болар .
Күпір сөзбен күмәнмен,
Ауырлап тағдыр жүк қосар.
Жақсылыққа жете алмай,
Күніңді бұлт жапқандай.
Жәутеңдеген қара көз,
Тағдырлар тұр жалғанбай.
Игілікке созып қарманбай,
Түйсікпен сөзді ұға алмай.
Езілген босқа жүректер,
Құр сөзбен жүктен босамай.
Тағдырын іздеп таба алмай,
Жоғалған уақыт сағымдай.
Бақытын іздер байлықтан,
Жібіне Алла жалғанбай.
Намаздар ғапыл ақталмай,
Құдайдың ісін қолға алмай.
Игілікпен сауапсыз,
Иманды іздеп жалғанбай.
Тағдырдан тағлым сөз болмай,
Аянмен көріп жоба алмай.
Жазымыштан озбассың,
Ақиретке көпір сала алмай.
Тағдырға қуат қоса алмай,
Жібіне Алла жалғанбай.
Өмірің зая өткені,
Тегіңді танып суғармай.
(Маусым 2018 жыл)
**** ****
Қажырлық, қажылық-Назареттік ант!(27)
Жалқаулық пен селқостық.
Сенделмеден келген сын.
Болса бойда қажырлық,
Көп нәрсені жеңерсің.
Жалғанып қайта тағдырға,
Жамандықты ұмыттырып,
Жақсы ой енер бойыңа.
Сыйлап көзге нұр сәуле,
Кеңдік салар арқаға.
Соққы берер тапжылтпай,
Содыр менен сойқанға.
Келтірер иесін,
Шаш-етектен пайдаға.
Еңбек, сүйгіш зорлылық,
Пайда болар бойыңда.
Қозғау салып жүрекке,
Айналдырар ояуға.
Мейірім, ынсап жалғанып,
Айналасың адамға.
Астамшылық көздерін,
Қарсылықпен жоярға.
Ыждағаттылықты өсіріп,
Қуат қосып өн бойға.
Көппен ермен әдетің,
Күйлеген дүние жалғанға.
Шауып түсіп түбінен,
Болашақты ойларға.
Қажырлық жинап қайратты,
Бас идірер ырысқа.
Ынсап өлшеп талапты,
Тау астырар мойынға.
Жұмбақтап айтқан асыл сөз,
Шер тарқатар ішіңнен.
Сұлу мінез қалыпты,
Алып шығар ізімен.
Менмендік пен көк беттік,
Шудай тартып жібіңді.
Жер қаптырар өкпені
Үлкен қылып өсірер,
Менмендікпен кектерді.
Қыз қылықты болса егер.
Мінді нәрсе жуымас,
Артынан қорған ергізер.
Қамал болып қалқаяр,
Тағдырдан хабар білгізер.
Шешендік пен ділмарлық
Егін болып егілер.
Бәйшешек толы бақшаны,
Ар-ұяттан өсірер.
Құпия білім, иманды,
Жанына сый еткізер!
(Маусым 2018 жыл)