Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

Құран- Бәйшешек бақшасы!

      «Жұмақ әйел затының табаны астында» деп дана аталарымыз өсиеттеп кеткен. Бұл мақал біздің ата салт-дәстүріміздің әйел теңдігін сақтау мен құрметтеудің көрінісі мен жалауы десек те болады. Сондықтан гүлді жұлмауға, гүл өскен жерді себепсіз басып ластамауға тыйым салып отырған. Гүл – ұжмақтың белгісі деп түсінген аталарымыз. Толық оқу…

САБЫР ТҮБІ — САРЫ АЛТЫН, САРҒАЙҒАН ЖЕТЕР МҰРАТҚА !

Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы  қаласы.

      Сабырлық қайдан пайда болады, орны, мекені қайда деп көп қазақтың үнемі ойында түрткілеп тұратын сауалдың бірі болу керек. Негізгі бағыт-бағдар алу үшін Пайғамбарымыздың дұғасына ой жүгірсек; «Я Раббым, маған таусылмас иман, жақсы мінез, шүкіршіл жүрек, сабырлы тән, зікіршіл тіл, тағдырға разы болатын қайырлы өмір, дұрыс ұрпақ, дүние мен ақыретте жақсылық бер. Толық оқу…

Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.

      Адамзаттың жер бетінде қаншалықты өмір сүріп қандай сыйға еге болуы дұрыс еңбек ете білудің жемісі болады. Ал қайғы-қасірет те, ұрпақтың азуы мен жер бетіндегі халықтардың жоғалып кетуі де еңбек етудің мақсаты өзгеруіне байланысты. Сондықтан әрбір сынақ еңбекке беріледі. Сый да еткен еңбегіңе қарай зейнеттеледі. Бейнет етсең ғана зейнетке жетесің.
Еңбектің екі түрлі мақсұты болмақ, оны қалау деп атайды. Тән қалауына байланысты еңбек тәннің мұқтаждығын өтеу, шынықтыру, ыстық-суықтан әр түрлі ауру-сырқаулардан қорғану мақсатында қоршаған өмір сүрген ортаға, заманға тәуелділікте жетілсе, ал екінші жан қалауы Толық оқу…

Рух еңбегі-ғибадат

     Адамның рухын аспанға көтеріп, табиғи қабілеттерін шыңдайтын; Икемділіктері және нәпсі мен жан қалауының қажетін екшеп елейтін; Өмірдің түрлі бұрылыстарына деген пікірлерін түрлендіріп реттейтін; Құштарлық, құмарлық, ынтықтық, асықтық нәпсілік сезімдеріне шек қойып, асытып-тасытпай жамандықтардан қорғайтын; Сыртқы жан киімін, түйсігін және ішкі сезім қуаттарын тасытпай, кірлетпей қорғайтын; Жүрек жұмысын қалыпты ұстап көңіл татын тазалайтын; Ойды бағыттап, кеңітіп даму мен кемелдік шыңы қанағатпен ынсап шыңына көтеретін – Ғибадат! Әр елдің шаруашылық жүргізу әдістеріне қарай ғибадатын; жеріне, суына, тіліне, заманына қарай орындауға тиісті қағидасын әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп атайды. Әдетті ғұрыппен біріктіріп, заманына қарай қайталап орындай білуді намаз деп атаған абзал.

Толық оқу…

Шайтанның саудасы

     Көп дінтанушы ағайындар баспасөз, көгілдір терезе беттерінде қазақта дінді танытатын басылым, шығармалар аз деп шағым да айтып, сондықтан ислам туралы насихаттарды өзге елден көшірумен ғана айналысады. Ал шындығына келгенде жалпы дінді тек Аллаға құлшылық деп, құлшылықты намаз оқу деген надандықтан осындай пікір қалыптасқан. Қазақтың бұрынғы өткен қай ақынын, жыршысын немесе жазушыларын, би, хандарының өсиет-өнегелерін, насихаттарын, астарлы сөздерін түсіне білген оқушыға дін туралы, яғни ар-ұят, ұждан, әдептен шариғат, киелі кітаптардан ғибрат айтпағаны жоқ десек өтірікші болмаймыз. Енді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Толық оқу…

МҰҢЛЫ ШАЛ-МҰТЫЛҒАНДАРМЕН СҰХБАТТАСУ.

     Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.