Діннен бөлек дейді елде билік,
Заң жүзінде Құдайдан болмақ биік.
Дін деген не, ойласаң таза ақылмен,
Біліммен сөз ұғымына үңілейік. Толық оқу…
Діннен бөлек дейді елде билік,
Заң жүзінде Құдайдан болмақ биік.
Дін деген не, ойласаң таза ақылмен,
Біліммен сөз ұғымына үңілейік. Толық оқу…
Қиямет мезгілі деген ұғым бар,
Бұл сөздің терең сыры бар.
Өсиетпен ескертіп пайғамбар,
Тажалдық білімнен абай болыңдар. Толық оқу…
Байтасов Тоқберген Кескірұлы.
Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
4-ші кітап
Алматы-2011
Бабалар өткен сара жол Ата жолы — «Алла жолы»!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тартқанын айт! Елдігін сатқан жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауыздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиеті, қастерлі білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт! Толық оқу…
Сенімді кейде наныммен шатастырып алып ескіліктің қалдығы деп жатамыз. Наным тарихи оқиғалардың кейбір қиындықтарды жеңу, күресу барысында қалған әдеттердің көрінісі. Орнымен пайдаланса қайғы-қасіреттерден айналып өтуге болатын жеңілдіктермен, орынсыз пайдаланса керісінше болуы да ғажап емес. Наным ақылдың қатысуымен ғана нәтижесін береді. Сондықтан наным жалпы халықтың дін тарихынан хабар береді. Толық оқу…
Бірінші басылымда Аллаға құлшылық жасамайтын жаратылыс жан иесі болмайтынын, сондықтан құлшылықтан барып ғибадаттың, ал ғибадаттан намаздың пайда болатынын ескерттік. Сондықтан құлшылықты, ғибадатты, намазды; жалпылай Аллаға құлшылық деп атасақ жаңылыспаймыз. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі өскен ортасы, ата-анасынан алған тәрбиесі мен алған білімі, тіршілік ортасының ұжымдық өмір тәрбиесінен байланысты белгілі бір нанымы қалыптасып сол нанымынан жаратылыс себептерін, өлім мен өмірдің арасындағы мақсатты істеріне Толық оқу…
«Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл…» деп Абай атамыз жаннатқа апарар хақтың жолына түсу үшін әуелі иман гүлін-нанымын өсіруді ескертіпті де «Мақсұт» атты қиссамен адам баласының түп мақсатын астарлап көрсетіпті. Мақсұт-талап; үш гүлдің үш түрлі сипаты болып және оның өсетін жерін және қайдан алуын білгіңіз келсе; «…Барса, тамда (зират) бір гүл тұр солқылдаған, Басында үш жеміс бар былқылдаған; Бірі – ақ, бірі – қызыл, бірі – сары, -Таңдап ал, мен берейін бірін саған. Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар, Егер де қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.» Толық оқу…