Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

III-Көріпкелдер расында «көріп келе ме»?                       (Қазақ елінің муфтият ғалымдарының пікіріне жауап)

    Қазіргі таңдағы қазақ дін муфтиятының дін істерінің және барлық дін топтары мен ел билеуші, білімді қауым өкілдерінің ата жолы дәстүрімен, тылсыммен жалғанып, әулие аруақтарынан бата алып; әркімнің өзін-өзі түзеуге, жамандықтан тиылып, жақсылықты көбейтіп алуға деген ықыласпен; Алла жолына мал жұмсап, артық хайыр жасау мен нәпсімен соғыс ашуын, заң жүзінде тиым салып әлі кезге дейін қудалаудан неге жалықпайды деген сауал бар бұқара халық арасында. Толық оқу…

 II-Көріпкелдер расында «көріп келе ме»?                       (Қазақ елінің муфтият ғалымдарының пікіріне жауап)

Дін-насихат, деген пайғамбармыз. Ал дін насихатының екі түрлі жағдайда көрнісін беретінін, Мәшһүр Жүсіп атамыз баяндап кетіпті. Бірінші жағдайда; Ғылымхал болып, жүректен- жүрекке берілетін көместік сипатта болса; екінші жағдайда; кезінде ғылымхалде болған әулиелердің, даналардың шығармашылық тұрғыда пән болып қалған білімін ғылымқал, деп атаған. Ал енді қазіргі білімді заманда ұстанған дініміздің бағытын, қандай адамдық рухани қуат пен құндылықтарды меңгеріп тәрбиелеуге негізделуін, шығармашылықтан, сұхбаттарын естіп, құран арқылы салыстырып, дін ісі болған; шариғаттық білімділік, біліктілігін яғни ғылым-қалдық жағдайын; сөз тазалығын, астарын зертеу арқылы анықтауға болады. Бірақ ол дін ғалымдарының ғылымхалының жағдайына, яғни жанына алған, құпия сыр, кітабына, имандылық қуатына өлшем бола алмайды да. Толық оқу…

 I-Көріпкелдер расында «көріп келе ме»?            (Қазақ елінің муфтият ғалымдарының пікіріне жауап)

   Ислам газетінің 2016 жылы 11-наурыз, №5 (33) санды басылымында Құдайберді Сабыржан атты дін зерттеушісінің мақаласы басылған екен. Сонымен Сабыржан діншінің пәтуасына жүгінсек; «Тағдырымда не жазылған?», «Болашақта не күтіп тұр?» деген секілді сұрақтар адамзат баласымен бірге сонау алғашқы дәуірлерден бері жалғасып келе жатыр. Өйткені, адам жаратылысында алдағы күндерде не болатынын білуге деген ерекше құмарлық бар. Осы себепті адамдағы осы бір қажетілікке сай болашақты болжағыштар мен көріпкел балгерлер де әрдайым табылып отырған….» деген түсініктерімен көптеген ғұламалардың өсиеттерінен мысалдар бере отыра жалпы көріпкелдік дегеннің ислам дінімен, Мұхаммед пайғамбармызбен және Алла тағала тарапынан да құран аяттарымен тыйым салынғанын дәлелдеуге тырысып аяттарға да сүйеніп пәтуа беріпті. Толық оқу…

Діннің жартысы амал-ниетпен өлшенеді…

      Қандай да бір істі және дін рәсімдерін орындап меңгеру үшін, әуелі соның ниетін жасаймыз, яғни ниеттенеміз. Мұндай ниеттену арқылы өзіміздің құдайдың біздер үшін жаратқан жақсылығына деген ықыласымызды білдірген болып және көңілден пайда болған мақсұтымыздың бағытын да белгілейміз. Оны жанның құмарлығы деп атауға болады. Ниеттің қозғаушы күші де белгілі бір қозғалыс киесі себепке байланысты. Яғни бір себептен пайда болған оқиғаларға, көріністерге, тағдырдың, заманның жағдайларына қарай пайда болған кедергілерден, сынақтардан немесе бақытты өмір сүруге байланысты талаптан пайда болатын ниеттердің сан алуан түрлері бар. Толық оқу…

Намаз оқу хикметінің сырлары және құранды зерттеу тәсілдері.

        Намаз оқу дін құлшылығының ортасы болып және жалбарыну, тәубеге келу арқылы; сенімді жетілдіруге негізделген сәжде рәсіміне жатқанымен де негізінен құлшылық жасаудың ірге тасы болып табылады. Ал иманды алыстан келтіру үшін және шүкірлік құлшылық амалдарын жасау үшін ғибадат, тәлім, үлгі, өнеге алу арқылы орындалатын, адамзатқа қызмет қылу намаздары ұлттық салт-дәстүрі, ислам құндылығының ірге тасы болып және үмметтік ерекшелік әдет-ғұрыптық тарихи дәуірлік оқиғаларға байланысты намаздарды орындау амалдары арқылы ғана атқарылатынын жадыңызға тоқып алыңыз. Және бұл амалдар әрбір құлшылық қылушы пендеге жол-жоба болып беріліп, шежіре тарихқа, иман негіздеріне жалғануға, жаратқанның хикметті істерінен хабар алумен атқарылады. Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.