XXIX-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

   Ата жолы жазбаларының қазақтың Адам атамыздан бері тектік, нәсілдік, ұлттық тұрғыда қалыптасуымен байланысты ділдік, қандық тектік тұрғыдағы сөздің қасиет, құдіретін, қуатын, құнарын меңгерумен байланысты; дін, саулық, серт, сауаптылықты меңгеру құлшылығын баяндайды. Біздердің мейлі қандайда бір дінді меңгеруіміздің шамасы; Саулық — денсаулығымызбен көрініс береді. Ал енді, (ден-діл) денсаулық тән саулықпен емес, негізінде ақыл естілікпен, заманға сай надандықсыз өмір сүре білумен көрініс беруі керек. Сондықтан дені-ділі саудың жаны сау, ақ жаулықтық қуатқа жалғанумен ата–баба аманаты сертіне, уәдесіне жалғанған аманатты ақтаған болады.

Себебі мұндай адам баласында жетелігі болып, арсыздыққа ата дәстүрінің сақталмауына деген қарсылығы болып; «Қызды қырық үйден тиым, ұлды отыздан», «Өлі разы болмай тірі байымас», «Өліге иман, тіріге береке бер» деген қағиданы, нәсілдік сипатымызды, Раббымызға берген әлмисақ уәдесін- СЕРТІН берік ұстап қана сауаптылық, ізгіліктің жолында болады. Сонымен осы негізгі шарттардан ілімді болудың, кісілікті меңгерудің, «төрт көздің түгел болуымен»; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген құран аятының; «…Қалған кісінің дәрежесін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (12-76) Раббымыздың біліміне жалғанумен нәтижеленеді. Енді бұндай Алланың сүйікті құлының қатарында болуды бағзы замандарда білімді меңгеру арқылы ілімнің жолында болу кез келген пенденің қолынан келетін іс емес еді.

Сондықтанда белгілі бір әулиелік, кісілікке жеткен білімді ғылымды әулиелерді пір қылып оның соңына шәкірт болып ерумен меңгеру оңай болатын. Ал мұнан ислам дінінің бөлшектенуіне түрлі масһабтар мен сопылық жолдардың, тарихаттардың пайда болуына соқтырды. Себебі білімнің де жүйесі тармағы көбейген сайын, дін тәпсірін меңгергендердің маңдай көзі ашылып, көріпкелдігі пайда болса болғаны, сананы жетілдіруге, мағрипатта болмай-ақ өздерін ғылымды, әулие санап, белгілі бір өткен заман жақсысының насихаттарын тура жолға айналдырып, мұнан басқа Аллаға апаратын жол жоқ деп өзгелерді теріс, қисық деген пәтуамен өзара қайшылықтармен топтарға бөлшектеумен 72 топтың, адамзаттың қылықтық ерекшеленуінің пайда болатынын пайғамбарымыз ескертіп кеткен екен. Яғни осындай санды белгімен білімнің шектері пайда болады да ақылға тосқауыл қойылады.

Қазіргі таңдағы масһабшылардың мейлі қай тобы болсын, өздерін мұндай сопылық жолдардан шектеп, тек қана құран және пайғамбарымыздың сүннеті арқылы ғана бес парыздық намаздық салтпен тура жолдамыз деген өзара қайшылықтардан да исламдық арап елдерінде бүлікшілдіктің пайда болуымен және өзара соғысып кетуіне де соқтырғандары хақ. Бұған негізгі себеп жоғарғы «Төртеуді түгелдеумен» өздерін ілімді деп атайды да біздерден ғана ақыл сұрап, өздерінің меңгерген тәпсірлерін, кісілікте жақсыларын құдай қылып алумен пайда болғанды. Қазақ елінде де дін муфтиятының ел биліктің саясатына лайық деп қабылданып (12-76) аяттағы жоғарыдан ақыл беретін Құдайдың ісінен тағайындаған ақиреттегі жаннатынан, білімді құлдарынан емес, өздерін қаталеспейтін құдай санап алғандарды билікке қойып, ғалым атап және оларды дүниеге тәуелді түрде заң арқылы қадағалау да оңай болмақ. Сондықтан қандайда құдайшылыққа жалғайтын ілімнің жолын оны меңгерушілерді осындай белгілі бір білімнің жүйесін ақыл қылып алған пенделерін басшы қылып басқарып тұруға да масһаб ұстанымы ел билікке де қолайлы болғаны да сөзсіз.

Ал мұндай жағдайда әрине сопылық жолдардың негізін ұстанбақ болып, белгілі өз арасынан шыққан пенделеріне табынып, пір қылып масһабтың ұстанымына қарсы болғандарды қудалау, соттау, ақпараттық орындардан үнемі сынап, мазаққа айналдырулары да ел биліктің ұстанған өздерін құдайлық ілімнен де жоғары жер «тәңірісі» деп санайтын саясатына лайық екенін ақымақ қана түсіне алмайды. Ата жолының да бастапқы кезде жаппай халық арасына тарамай тұрған кезде, қалыпты ата дәстүріне лайық деп саналғанымен, кейіннен халықтың өзін-өзі басқарып құдайшыл болуынан қорыққан масһабшылардың аруақтық ғұрыпқа ашық қарсы болуы да заңдылық.

Әрине мұндай жағдайда көреалмастықтарын жасырумен, шайтандық әрекетпен; садақа беруден халық кедейленіп қалады деп пайғамбарымыздың; «Жаным қолында болғанмен ант берейін садақа бергеннен ешкім ешқашан кедей болып қалмайды» деген өсиетіне ашық жала қойғандары, олардың көреалмастығы діннен қымбат болғаны да хақиқат. Ел билеушілердің діннен бөлек деген саясатының мал табарлық тұрғыда ғана ақылдары шектелумен, жол табарлығы болмағасын ұлттың қауіпсіздігін, әлеуметтік жағдайын дүние байлықпен өлшеу әділдік деп қабылдануы да заңдылық. Сондықтан ұлттың болашағы, әлеуметтің қауіпсіздігін ойлайтын үлкендердің, ақсақалдардың үлгісін қалыптастыруға ата дәстүріндегі жындылықтан тазару жолына түсуден бас тартуымен де себепші болғаны хақ.

Осы уақытқа дейін ата жолдан бас тартпаған біздерді қудалап, мүлде халыққа жек көрінішті қылып қойдық дегенмен де, Құдайдың ісіне адамзаттың қарсы шығып жоя алуы мүмкін еместігіне дәлел, қазақ елінде ашық пайда болды да. Сонымен қандайда бір қияметтік кедергілерден, тосудан, бүліктерден және тозақтан да адамзатты тек қана Раббымыздан берілген ілімінен білімі құтқара алатыны да хақ. Қазіргі таңда Раббымыздың біздерге берген білімінен қазақтың әулие-әмбилерінің нақылдармен аманаттап құпия сырын өздері ғана тылсымнан көрсетуге ұлықсат алған мирас кітаптарын, Раббымыздың білімінен, кісілік дәрежелері арқылы біздерге батамен, уахимен, аяндармен ашық баяндалып 15 кітаптық көлемде жазылды. Негізінде 49 кітап болып жазылуы керек. Тылсымының, құранның 6-шы үні жындар әлемімен байланысты көптеген тақырыптар арналып баяндалды.

Сондықтан да; Ата жолының негізгі құлшылық істеріне осы жазбалардың түйіндемесі болған аққу, сұңқарлар тарауын, араға бір жылдай салып қайта жалғастыруда да себеп бар. Осы бір жылғы аралықта Раббымыздың білдірумен ата жол жазбаларының 7- ші кітабы үні тұрғысында; жындар әлемі, жанның қуаттары туралы «Ойға түрткі ақылға дем», «Адамзат тегінің рухани құндылықтары» «Имандылық пен сенім ерекшелігі», «Дін аралық татулық», «Көркем мінезділік» деген тақырыптарда қазақ ұлтының ділдік білімінен, жындылықты меңгерудің сырларынан мағлұматтар бердік. Бұл жазбалардың бәрі қазақ даналықтарын, нақылдарын, астарлы сөздерінің құпияларын осы замандық біліммен қайта бейнелеп тарқату тәптіштеп түсіндіру ғана.

Себебі Раббымыздың ілімі, үнсіз тілі, Мұса пайғамбарымызға тікелей сөйлескен оттың тілі, тылсымның жеті үні мен жанның жеті сипатымен дәрежеленіп қазақтың саналық ақылын меңгеруі тек қана әулие-әмбилер, пірлер, машайықтарға ғана емес, жалпы түркі нәсіліне ортақ рухани құндылық, дін дәстүрі болып Ясауи бабамыздан бастап қалыптасқанды. Сондықтан да ата жол жазбаларында беріліп жатқан мағлұматтардың негізінде бабаларымыз меңгерген саналыққа, яғни құранның жеті үніне жалғанумен байланысты болмақ. Бұл үндерді меңгеру үшін; Абай-Шәкірім, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіп Баласұн, Әл-Фараби даналықтары Ясауи бабамыздың іліміне хикметті білімдердің сандық тұрғыда ақпараттық жүйесіне жалғанумен маңызды екені хақиқат. Олай болса, Раббымыздың біліміне ену үшін масһабпен тек қана Имам Ағзам арқылы немесе белгілі бір сопылықтың жолын қуушылардың, ғалым сопысын пір қылу арқылы кісіліктің дәрежесін тірі пендеден, қолтығынан өтіп жалғанып аламыз деген ұғымның өзі қазақ ұлтының есті адам баласына надандық қана болуы керек. Оған дәлел жоғарыдағы (21-76) аяттың үкімін алда тәптіштеп дәлелдеп көреміз.

Енді осы жеті үннің әрекетінде қалыптасқан қазақ даналығының ақылдық қуатының жете, саналық тұрғыда, әлемдік жан тану ғылымнан ерекшелігін түсіну арқылы ғана ата жолының мақсат мүддесін анық түсіне аламыз. Сонымен құран арап тілінде Мұхаммед пайғамбарымыздан бері діннің негізі болды дегенімізбен, шындығында құранның насихатын сүрелердің үгітімен әлемнің бүкіл тарихын, шежіресін, адамзаттың өмір тәжірибесін мен құлшылықтарының қалыптасуын құранның түсу мерзімімен ғана баяндайды. Бірақ болашақта осы уақиғалардың дәуірлік тұрғыда қайталынуын ескертеді. «Жаңбыр сияқты сендердің араларыңда айналдырамыз» деген.

Олай болса, Хижра жыл санауы осы оқиғалармен біздің күн тізбелік заман тағдырымыздың тоғысы болып саналады. Демек діннің ортасы құранның түскен мезігілі болып арпатарда болса онда діннің өркениеті жаңадан уақиғалық ерекшелігімен, бұрынғы нәсілдердің өмірге қайта келуімен ақпараттық тұрғыда бірленуі арта бермек. Ислам діні әлемдік жан тұрғысында өсуі, кеңуі шартты. Сонымен қазақ халқының тарихына, шежіресіне үңілсек; қай замандардағы қандай әдет-ғұрпы болсын, үнемі жалғасты түрде дамумен, алдыңғы діндердің салттарының құндылықтарын да сақтаумен, жалғасты түрде барлық жер бетіне түскен 8 діннің құлшылықтық, сәжделік тұтастық негізін қалайтыны да хақ.

Сондықтанда қазақтың діні толық исламның бірлігі болып саналуымен бірге алға қарай өркендеп отыруға да Құдайдың ісін меңгерумен байланысты тарихат, мағрипат, ақиқатпен өркендеуі де заңдылық. Ал шариғаттық тұрақты дін ісі болған масһабтық ұстанымдар оның мешіттік тұрғыдағы намаздарының бөлшегі ғана болуы шарт. Құранның негізінде адамзаттың ақылын жетілдірумен, (12-76) аятына, Жүсіптің жолында болып, дүние ісінің алуан түрлі салаларын да Құдайдан аян, уахи жоба алып өмір сүру әдеттері мен құлшылық істерін жетілдірумен, ал уақыт өткен сайын күрделеніп, қарсылығы да көбейген білімнің жүйесін әрбір пенденің өзі жүрегімен түсініп, сұрағына тікелей жауап алып қана ойлана білуімен адамдық қасиеттерді меңгеруге жол ашуы керек.

Адамзаттың метафизикалық тұрғыдағы қуаттарының жүйесі әлемнің көшірмесі және жер бетінің барлық жанды жаратылыс егелерінің бір тұтастық жүйесінің негізі болады. Сондықтан жер бетінің қандайда да бір ауа-райының өзгерісі, табиғаттың түрленуі немесе түрі апаттардың, аурулардың барлық замандық оқиғалардың себебі, адамзаттың тағдырына тәуелді. Ал әрбір адам баласының тағдыры сол заманда жазылған емес, ол жеті атадан алған рухани тектермен байланысты. Ал жеті аталықтың ұлттық текпен, ұлттың тағдыры әлемдік тектілік арыстық жүйеге жалғанып тәуелділікте болуын ескеру де керек. Осындай тізбектік жүйені Алланың бізге иіріп берген жібі болып, оны қайта тарқатқанды қатындық яғни текті сату деп ескерткен. Сондықтанда қандайда бір оқиғалардың шығу себебін анықтаумен, оған себепшіні адамзаттың өзі деп түсіну де керек.

Осы замандағы әлемнің тұрғындарының тағдыры біздерге дейінгі тарихта қалған белгілі бір кезеңдегі өмір сүрген адамзаттарының нәсілдік тұрғыда тағдырларын хижралық уақыттың жылдық белгісімен қайталаумен және осы заман біліміне, өмір сүру ерекшелігіне қарай бейімделуімен байланысты салтымызға жақсылық, ізгілікке Алланың рахметімен, ал жамандықтар мен арсыздықтарға азабы, сынағымен жауап алып отырамыз. Қазақта; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген бұндай тағдырлық байланыстық исламдық бірлік жүйесін.

Сонымен әлемдік тұрғыдағы адамзаттың жер әлемнің жағдайына байланысты бүгінгі тіршіліктің тағдырымыз күн жүйесіне тәуелді болса, ал рухани өміріміз жандық сапамыз хижра жүйесімен түндік мезгілімізден, күннің қызарып батып түнге енген шындық жарықты қайта тауып жалғанумен байланысты. Ол үшін осы екі уақыттың жүйесінің арасынан үшінші уақыттың мезгілі әрбір пенденің ата-баба тағдырымен байланысты көктегі жұлдыздарын тауып жалғану үшін жер бетіндегі зират орындарына хаж орындаумен жалғанып, екі уақытты да меңгерумен басқаруға да жете аламыз. Жұлдыздардың күн тізбелік мерзімге ай арқылы әсер ете алатынына ғылымда дәлел жеткілікті. Адамзаттың рухани өмірі жұлдыздардың қозғалысына айға беретін әсеріне әрекет ете алуы да хақ. Олай болса жер бетіне түскен нұрдың жер анадан шыққан нұрға тәуелді болуында да заңдылық бар.

Мұндай кісілік дәрежеге тағдырын тазартып басқаруға жеткен біртұтас адам балаларының Раббымызға жалбарынып, жаңбырды сұрап алып қуаңшылықты тоқтатуға немесе ауа райының кері әсерінде тоқтам беруіне тілегінің қабыл болуына жете алады. Яғни жер бетінің тұрғындары өзара исламдық бірлікті меңгеру арқылы өздерінің тағдырына да құлшылығымен, Раббымызбен тілдесу арқылы әсер берумен, әлемдік уақыттың басқару жүйесіне де жалға алады, қуат қосады. Үшінші тұрғыдағы тағдырлық ата-бабалар меңгерген жадының белгілі есімдерімен байланысты ерік-жігерлік қуаттық жүйе болып саналады. Діннің бірлігін меңгеру үшін де біздің сол замандарда өмір сүрген Алланың сүйікті құлы бола алған барлық арыстар жадына жалғанумыз керек. Мұны пайғамбарымызға да мирас тұрғысында берілген сүннеттерінің негізін қалған жан ғылымынан Алланың ақ пен қараны иірген жібіне жалғанумен байланысты қалыптасады.

Ал мұндай жіпті біздер өткен заманның белгілі бір кезеңінде өмір сүрген әулиенің Алланың құлының еңбектеріне сүйеніп тура жол деп атаудың өзі дін бірлігіне қарсылық зұлымдық болып табылады. Біздер өзге діндерді меңгерген ата-бабаларымызды арыстарды былай қойғанда; Мұхаммед пайғамбарымыздың кезінде өмір сүрген және тікелей дәріс алып сахабасы болған бабаларымыздың тарихи жадына, есіне жалғану арқылы ғана исламның тәпсірлік білімінің ақ қарасын, пайда зиянын, қарсылықтарын ажыратуға мүмкіндік аламыз. Ақ арыстық жүйеге Мұса пайғамбарымызға жалғанып тәураттық құлшылықтарды, білімін меңгеруді тарихат ғылымы деп атаған дұрыс. Тарихатта болуды; 1. Ақ арыстық белгі; 2. 7 қасиетті меңгеру; 3.Шежіреден хабар алу; 4.Табаны таза болу; 5.Жер ана рұқына жалғануы; 6.Төрт көзі түгел болуымен нәтижесі болуы керек.

Ал мағрипаттық ғылымға жалғануды; 1. Сан ғылымын меңгеру; 2. Жетесіздіктен ада болу; 3. Жетелік сатыларды толық меңгеру; 4.Тұңғиыққа бойлау, теңізден гауһар тас алу; 5. Дарабоздық қасиетті меңгерумен тақуалық дәрежесі болуы керек. Сонымен мағрипаттық кісілік дәрежені меңгеру арқылы ғана құдайлық ақиқатқа жалғанамыз; 1.Алладан аян алумен; 2. Түйсіктің толықтығы, түгелдігі (бой өрісін толық меңгеру, ар сауыт алу); 3. Тор торлаулық (Дәуіт пайғамбарлық қасиеттілік); 4.Абсолюттік белгіні (мәңгілік өмірге жолдама)меңгеру; 5. Қазан-ошақтық қуаттық жүйені толық меңгеру; 6. Сегіз жолға жалғану. Құс жолы; 7. Материяға, жер ядросына Раббылық нұрға жалғанумен байланысты болуы керек.

Сонымен ақиқатқа жету үшін, қазіргі таңдағы білімді қауымның құр білімнің негізінде емес; Дін-Саулық-Серт-Сауапты меңгеруміз арқылы; Уақыт-Бірлік-Өлшем сипатымен жалғанып хикметті білімімен хал ғылымын меңгерумен жалғыздыққа, даналыққа, тұлғалыққа, пайғамбарымыздың шапағатшылығына тұрған Алланың достарына жалғанып, белгілі бір әулиелердің біздерге жоғарыдан жол көрсетуші пірлігіне жете аламыз. Мұндай жағдайда әрине екі аралық дәнекер жалғаушы қуаттық жүйенің; Әруақтық-Жерлік қуаттарымен байланысты тәндік қуаттардың бірлік жүйесі болып, уақытша жоғалатын тозақта өмір сүретін нәсілдік сипатта болады. Ал бұндай біздің ата-бабамыздан жаннатқа өте алмай қалған әруақтық қуаттарына, рухани жүк тұрғысында жалғанып меңгеру арқылы ғана біздер жер ана рұқына жалғануға мүмкіндік туады.

Мұндай жағдайда тылсымының тарихатынан сырларын ата-бабалар меңгерген хикметті білімдеріне, мирас кітаптарына жалғанып, Алланың нұрынан үлес алуға мүмкіндік туады. Әрине бұл қазақтың ата дәстүрі болып «Өліге иман, тіріге береке бер» деген діннің бірлігін қалыптастыруға тұру үшін де мәңгілік уақытқа жалғанған әулие-әмбилердің, пайғамбарлардың, елшілердің Алла достарының аруағына жалғануымыз керек. Сонымен; Аруақ— арлық қуаттардың жүйесі болып, ар тазалығымен, мәңгілік жан ұжданмен байланысты болады. Қазіргі таңдағы ел басшымыздың «Мәңгілік ел жобасы» деген осындай қазақ тұрғындарының бәрін арлы ұжданды қылу деген ұғымды береді де, ал іс жүзінде алдаумен дүниеге байлап, әлемнің арсыздық салтына бірігуді дәріптейді.

Ата жолын соттап қудалануының негізгі себебі де, ібілістің жобасына сай; Уақыт-бірлік-өлшем атты бір қуат шындықпен аруақтық тұрғыдағы адамдықтың қасиеттерін меңгертпеу, ұлттың ділін төмендетіп шариғатқа байлап қою үшін жасалған саясат еді. Сондықтан дін масһабтық тұрғыда; Дін-саулық-серт-сауаптың «Төртеуді түгелдеу» жүйесінің әруақпен байланысты жер ана рұқына ізгілікті істермен, артық хайыр жасаумен, ата-баба әруақтарының жүктерін меңгерумен атқарылатын намаз орындауларын «серік қосу» атап қазақ еліне қияметтің үкімінің түсуіне себеп болды десек те жалған емес.

Бірақ бұл жағдайдың негізгі себепшілері ібілістің ықпалына жаппай халықты байлаумен, ата жолының үлгісін, ғылымын меңгере алмаған аққу, сұңқар, сарбаздар біздер болып саналуымыз да керек. Сонымен жаратылыстағы әрбір нәрсені жұбы парымен жаратым деген ұғымға сәйкес әруақтық, аруақтық әлемдерді меңгеру арқылы ғана Бір әлемдік жүйеге аспандағы жұлдыздар әлеміне «БІЗ»-дерге жалғанудың құлшылығын, шариғаттан жоғары тұрған тарихат, мағрипатты меңгеріп ақиқатқа жетуді, көктегі құс жолына, мәңгілік өмірдің бастауына тағдырымызды жалғауды аталар жолы деп атайды. Әрине ақыл өзінің шамасы жетпейтін кеңістікке шығуды қаламайды да шайтаннан болған жындардың ықпалына, белгілі бір білімнің жүйесімен негізделіп, тура жолдық қисығына түсіп кетеді… (жалғасы бар. Қазан айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.